Көлік бәйгесі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көлік бәйгесі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1771
Қарағым, қоғамдық көлікпен
Жүріп көріп пе ең?
Көрмесең, міне ғой,
Қадыр-қасиетін біле ғой.
Иә, автобусқа мініп аласың,
Біразға дейін тұрып алады.
Жұмысқа кешікпеуің керек,
Ескерту есітпеуің керек.
Оны біліп жатқан шопыр ма?
Асықсаң, отырма.
Бір кезде жүріп кетеді,
Зәреңді жұлып кетеді.
Қаптаған көліктердің
Ішіне кіріп кетеді.
Біреуін сүріп кетеді,
Біреуін іліп кетеді.
Бәйгеге түскендей,
Күшала ішкендей,
Жын ұра жұлқынады,
Тек алға ұмтылады.
Ішке тартып қаныңды,
Шыбын жаныңды
Шүберекке түйіп отырасың,
Есіңді әрең жиып отырасың.
Шопырлардың көбісі
Мәдениетпен жоқ ісі,
Ауылдан келгендер,
Кең даланы көргендер.
Бәйгеге шауып, тізгінін
Ат еркіне бергендер.
Сондықтан оларға
Жол ережесі қонар ма?
Кең далада жүргендей,
Тұлпарға мінгендей,
Делебесі қозып кетеді,
Алдыңғыдан озып кетеді.
Сөйтіп жүріп лағып кетеді,
Адамды да қағып кетеді.
Желөкпе желікпен,
Қарсы келген көлікпен
Қағысып қалады,
Көліктер қабысып қалады,
Көлік ішінде отырғандар
Орындықтарға жабысып қалады.
Біразы табанда өліп қалады,
Отбасы болып қаралы,
Азаматын жоқтап жатады,
Шопырды сот соттап жатады.
* * *
Емделіп құтылғанмен қотырдан,
Қалай құтыламыз шалағай шопырдан?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көлік бәйгесі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көлік бәйгесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көлік бәйгесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көлік бәйгесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері