Үй мен күй – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Үй мен күй» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1076
Тоқсан алты пәтерлік
Үйге кірдік сүйініп.
Жүгімізді әкелдік
Буынып та түйініп.
Жора-жолдас болысты,
Өтті алғашқы қиындық.
Тойлау үшін қонысты
Кешке қарай жиылдық.
Міне, қызық – шамы жоқ
Қараңғы үйде қамалдық.
Газ бен суы тағы жоқ,
Әрең-әрең дем алдық...
Аптадан соң жарық кеп,
Келді айдан соң су ыстық.
Газдан көңіл қалып тек,
Біржолата суыстық.
Екі айдан соң газ келіп,
Газбен бірге жаз келіп,
Сұлу әуен-саз келіп,
Отыр едік мәз болып.
Сынды судың краны,
Еден жігі ашылды.
Қабырғаның сылағы
Әр жерден бір шашылды.
Бар рақат өтті тез,
Қөсіле алмай кеңдеу бір.
Бей-берекет жетті кез –
Түбегейлі жөндеу бұл.
Алты айдан соң аңдарша
Босып кеттік күн-түні.
Жөндеу аяқталғанша
Көшіп кеттік бір күні.
Үйіндеміз әкемнің,
Несін айтам, досым-ай.
Жаңа кірген пәтердің
Жайы-күйі осылай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үй мен күй өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Үй мен күй өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үй мен күй өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үй мен күй өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері