Қызығу – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қызығу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1789
Бір мүгедек бара жатты көлікпен:
Мүгедектерге арналған
Машинаға таңданған
Кейіппен
Қарай қалғам көрсеқызар желікпен:
«Тек осындай болса жаңа көлігім,
Сүймес еді мені кім?
Жүйріктігін байқар ем,
Жорғалатып шайқар ем»...
Бірақ, достар, тілдемегін,
Ол бейшараның сәндікке мінбегенін,
Еріккеннен жүрмегенін,
Ақымақтық екен білмегенім.
Кездейсоқ апақ-сапақта,
Ұшырадым да апатқа,
Өлмей, әрең жаным қалды.
Жан қалғаны құрысын,
Айтар болсам дұрысын:
Тоқпан жілік
Қара саннан сынып,
Екі аяқ та жарымданды.
Отыруға жарадым
Өткен кезде жыл жарым.
Несін айтайын, қарағым,
Енді осыған да ырзамын.
Білемін, жаның ашиды, ә!
Мінгенім – мүгедектік машина.
Өз аяғыммен жүрген бір адым
Нағыз бақыт екен деп,
Соған қалай жетем деп,
Тығылып талай жыладым.
Қызығу деген осы да,
Бермесін Құдай басыңа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері