Төбеттің тәрбиесі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Төбеттің тәрбиесі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1902
Өзі күшті,
Тым сұсты
Өзге иттерден бөлек
Болды бір Төбет.
Қаншығы бірде
Әкесіне мүлде
Ұқсайтын қатты
Бір күшік тапты.
Қуанып Төбет,
Күшігін ерек
Аялап-қақты,
Әлдилеп бақты:
«Күшігім, менің Күшігім,
Шәуілдеп үрген пысығым.
Алпамса туған алыпсың,
Өзімнен аумай қалыпсың.
Ешкімнен қорқып-сескенбе,
Ұяластарыңа дес берме.
Қасыңа келсе, қарағым,
Тамақтан алып талағын.
Тісіңді батыр қоң етке,
Лайық сол іс Төбетке.
Кезіксең егер бөгетке,
Жетемін өзім көмекке»...
* * *
Күшігін солай өсірді,
Күшігі оңай есірді.
Алған соң өсіп шамалы,
Әкесін бір күн талады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері