Суретші-дәрігер – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Суретші-дәрігер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3146
Бір суретші ауысты дәрігер боп,
Сұрады сонда досы әбігер боп:
– Суретті не себептен тастадың? – деп,
Дәрігер жауап берді:
– Саспағын, – деп, –
Бояуды жаға алмасаң егер жөндеп,
Мініңді бірден табар көрермен көп.
Қатесін дәрігердің кім біледі? –
Бәрін де жер жасырып үлгіреді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері