Туыстар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Туыстар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4127
Қандала мен Тарақан
Басын қорғап қарақан,
Қараңғыда безіп жүріп,
Үйдің ішін кезіп жүріп,
Қақтығысып қалды.
Бірін-бірі танымай,
Аптығысып қалды.
– Ой, кімсің?
– Сен кімсің?
– Тарақанмын.
Адамның адал асын аңдыған
Арамза балапанмын.
Орайы келсе,
Түрлі ауру таратамын.
Жалпы қасиетім –
Қараңғыны жаратамын.
– Онда, туыс екенсің,
Бірақ, қуыс екенсің.
Олай дейтінім,
Тек ас екен жейтінің.
Ал, менің атым Қандала,
Қорегім – қан ғана.
Сондықтан, адамды
Етем де дап-дала,
Қанына тойып ап,
Кетемін паңдана.
Жалғыз-ақ жауым бар,
Ол – жарық таң ғана.
Сонымен Қандала
Адамды аңқау деді.
Тарақан таласып,
Тұрғандй жаны ашып:
«Жоқ, жалқау» – деді.
Сөйтіп тұрғанда таң атты,
Алтын нұрын таратты.
Қайдасың деп қуыстар,
Тайып тұрды «туыстар».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туыстар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Туыстар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туыстар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туыстар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар