Бұқа мен бұзау – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бұқа мен бұзау» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 5909
Мөңкіді бір күн ойнақтап Бұзау,
Демеді мынау жар менен құз-ау.
Шаншылып құйрық, көсіліп аяқ,
Барды да жүрген Бұқаға таяп:
– Қараңыз, аға, тұлғама менің,
Ойлаймын, сірә, емес деп тегін.
Сіздей боп алда өсем бе мен де?
Сол кезде Бұқа:
– Ой, тентек, сен бе?
Сүйегің осал, ерінің жұқа,
Боламын дейсің қалайша Бұқа?
Есірме текке, есалаң жарым,
Бәрібір маған жетпейді әлің, –
Деді де қатта Бұзауды сүзіп,
Жіберді қуып, күдерін үзіп.
* * *
Арада айлар, жылдар да өтті,
Жас Бұзау әбден кемелге жетті.
Бір күні Бұқа кезікті жолда,
Қалыпты байқап Бұзауды ол да.
Денесін көріп өзінен алып,
Сәлемін берді иіліп барып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері