Еден мен сыпырғы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Еден мен сыпырғы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1395
Тазартылған Еден тұрып бір күні
Сыпырғыға сөздер айтты күлкілі:
– Сендей ласты көрмедім мен өмірде,
Артық сенен ошақтағы көмір де.
Рас, сырттан табиғатың тамаша,
Жексұрынсың жақын келіп қараса.
– Дұрыс, – деді Сыпырғы да, –
Тыңда сен.
Мен сыпырмасам, сен таза боп тұрмас ең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері