Зиялыға – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Зиялыға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 640
Зілінен әзілі мол жеңіл назым,
Көңіліңнің қалдырмапты-ау маған жазын.
Томсарып, сәлемдеспей теріс айналдың
Жақ деген адалдыққа әділ қазым.
Жоқ еді наздан өзге ойым бөтен,
Жанымды әзіл айтып жеңілдетем. —
Деп едім, қаңбақша ұшты қайран сезім,
Назды да ұққанға айту керек екен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері