Тасбақа тірлік

Бұл бетте «Тасбақа тірлік» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1123
Жинап алып бірде Патша қауымын,
Хабарлады көңілінің зауығын:
«Осы біздер тұрсақ та бір аймақта,
Бөлінеміз неге тілден жан-жаққа?
Бірің Маймыл, бірің Есек, Шошқа боп,
Сөйлесеміз түрлі тілде босқа тек.
Шырылдамай өз тілінде Торғай да,
Бір-ақ тілде ұғыныссақ болмай ма?
Өйткені, біз бір аймақта тұрамыз,
Тұрамыз да, бірдей тірлік құрамыз.
Ұқсамай-ақ қорсылдаған Қабанға,
Момын Қойдай маңырасақ, жаман ба?
Сонда мынау ғаламданған заманда,
Бір қалыпқа түсер едік табанда.
Сондықтан да, бұйрық берем бүгіннен,
Барлық аңдар осы аймақта жүгірген.
Беталдына былжырауды тоқтатсын,
Бір-ақ тілде сөйлейтін боп топтассын»...
Бірақ, осы игілікті бұйрықты
Жеткізетін бақыт кімге бұйырыпты?
Жылмаң қағып, деді Түлкі килікпе:
«Бұл шешімді берейік те Билікке».
Үсынысты Патша бірден құптады:
«Ендігі іс Билікте», – деп нықтады.
Сол Билігің мойын бұрмай басқаға,
Болды сонда таңдағаны Тасбақа.
«Неге олай? – деді сонда сұм Түлкі, –
Жайбасарды таңдауыңыз тым күлкі».
Билік айтты: «Дұрыс болмас таласқан,
Бұл жұмыс тек Тасбақаға жарасқан.
Әрқашанда Билікпен ол санасқан,
Бүлк етпейді құласа да қара аспан.
Үстіне тас түссе-дағы сынбайды,
Жауының мен дауылыңнан қыңбайды,
Ешқашан да асығыстық қылмайды,
Тек Биліктің бұйрықтарын тыңдайды,
Сондықтан да, осындай жан ыңғайлы.
Уақытын айлап, жылдап өткізер,
Бұйрығымды әйтеуір бір жеткізер»...
* * *
Осылайша қабылданып бұйрығы,
Басшылардың жүре берді билігі.
Ал, Тасбақа жыл өтсе де жиырма бес,
Бір орнынан жылжымады жинап ес;
Жоқ-тын тіпті босағадан аттаған,
Өйткені, оны бапкер солай баптаған,
Өшсе де өмір, топан су кеп қаптаған,
Тасбақаның басы ауырып-қатпаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тасбақа тірлік өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тасбақа тірлік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тасбақа тірлік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тасбақа тірлік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері