Бас жазу – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бас жазу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2390
Былай деді бір мас:
«Не істеу керек бұл бас?
Иықта байланып тұруы керек.
Жер шары секілді домалақ,
Үнемі домалап,
Айналып тұруы керек.
Әйтпесе, тоғандағы су секілді,
Ми дегенің сасып кетеді.
Құтыдағы у секілді
Құтырып ашып кетеді.
Сол үшін басты тауға да ұрып,
Тасқа да ұрып,
Миды шайқап тұру керек,
Күйді байқап тұру керек.
Ауырмаған бас бас па?
Айналмасын десең тасқа,
Ішу де керек,
Құсу да керек,
Милицияға түсу де керек,
Не қызық бар басқа?
* * *
Сөйтіп, қасқа
Басын күнде жазып жүр.
Өмірден азып жүр,
Өзіне көр қазып жүр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері