Жетімнің өлеңі – Спандияр Көбеев

Бұл бетте «Жетімнің өлеңі» атты Спандияр Көбеев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 3086
Жетімнің күні құрсын жастай қалған,
Әкесін шешесімен құдай алған.
Күтетін өз баласындай жақын қайда?
Деген сөз осы емес пе дүние жалған.
Бетіңмен іс етуге ақылың кем
Бой өсіп, жас жетпеген білмейсің жөн.
Мал, басың ағайынның талауында
Алдамшы осы емес пе дүние деген?
Көзіңнен жас ағады қан аралас,
Биліктен мал түгіл, шығып тұр бас;
Сұраусыз малың да—құрық, басыңда—сырық,
Қыр аңы арыстан қабылан мұндай болмас.
Сау басың, дауда болар өскеніңше,
Күш кетіп ә десе мә дескеніңше
Ағайынның тәлкегінде иттей болған
Жетімдер толып жатыр әлденеше.
Шөлдесең сусын болар көлдер қайда,
Қарын ашса тамақ болар жерлер қайда?
Қаңғырып жүдеп-жадап жүргеніңде
Сипайтын маңдайыңнан ерлер қайда?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері