Өлең, жыр, ақындар

Қасқыр менен тырна

  • 10.08.2022
  • 0
  • 0
  • 2494
Қасқырдың есітуге аты жаман,
Қайтадан қалыпқа енбес дәті жаман,
Түзеліп лауахазда кісі болмас,
Шыққаннан дүниеге болса надан.
Залымның залымдығы жуса кетпес,
Не үшін сол секілді жаратылған.
Жаратылысында, тегінде деген мағынада.
Көңілі бұзықтықта болып һәман.
Қызметін, ондайға еткен зайығ болар,
Мысал көп, неге десең бізге қалған,
Өткен іс әм болашақ хақтан білсең,
Сақтанып дүние қамын ойлап жүрсең,
Жауыздан қайыры жоқ жырағырақ,
Бойыңды кейін сап тұр, түрін көрсең.
Мысалы бір қасқыр мен бір тырнадан,
Қарар еді ғибрат алса бүкіл адам,
Істеген жауыздығы жалғыз бұл ма,
Қиянаты толып жатыр бұдан жаман.
Міндеті әрбір істің құдіретте,
Алласыз іс болады деп жүрме текке,
Ашығып көптен бері келе жатып,
Жолыққан қомағай қасқыр өлімтікке,
Салды аузын өлімтікке қауып-қауып,
Михнатсыз ет болған соң алған тауып,
Ашығып жүрген шіркін жұлып жатыр,
Қайтсын-ау, жайшылықта да тамақсау ит.
- Қатысын жұмсағынан айырмайды,
Бұндай боп күнде азық табылмайды.
Тырнаға сүйекті ал деп айтамын,
Болды деп хәлім жаман өлетұғын.
Жәрдем ет не қылса да дегендей қып,
Жалынып аузын ашып көрсетіп жөн.
Ымына түсінді де тырна сонда
Аузына басын тыға мойынсұнды.
Михнатпен әрі-бері жұлқып-жұлқып,
Сүйегін жұлып алды әрең зорға. —
Әй, Қақа сүйегіңді алдым міне,
Қалыпсың аз-ақ өлмей батыр мүлде.
Қайтсе де қызметіме бірдеме бер,
Мақтанып мендағы бір кетейін де.
Тырнаға сонда қасқыр ашуланды,
Ақырып — жөнін, тап,— деп айғай салды,
Басыңды жемегенге құлшылық ет,
Мойныңды аузыма сен тыққан халде.
Аузымнан кім құтылған аман-есен
Емес пе бұл жақсылық, шіркін, білсең,
Қақаңды кім деп өзің хақ сұрайсың,
Кет көзіме бұдан бұлай көрінбестен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жетім

  • 0
  • 0

Күн батып кеш болған соң жұлдыз шықты.
Далада сықырлаған аяз мықты.
Бір жетім жол үстінде келе жатып,
Қалтырап тоңды байғұс, қайғы мықты.

Толық

Қауіпті достар

  • 0
  • 0

Жауыздың алдар кезде тілі тәтті,
Көрінер балдан зия инабатты,
Кіріп ап іші-бауырына бір момынның, 
Қолына түскеннен соң зар жылатты.

Толық

Шал менен өлім

  • 0
  • 0

Сорлы шал қара қасқа деген жарлы,
Көрмеген өмірінде бір де малды,
Қақтығысып бір-біріне тілерсегі,
Қысты күн отын ала ағаш барды.

Толық

Қарап көріңіз