Сыртым бүтін – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Сыртым бүтін» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 6204
Сыртым бүтін, ішім түтін адаммын,
Қайтесіңдер бетін тырнап жарамның.
Менің шашым бір-ақ күнде ағарды,
Қайғысынан қыршын кеткен баламның.
Ешкімге айтпай жүрсемдағы мұңымды,
Білетіндер білді менің сырымды.
Көп адамдар жағдайымды түсініп,
Қолтығымнан демеу үшін бұрылды.
Қоймас тағдыр дегеніне көндірмей,
Қоймас өмір іштен арман өндірмей.
Сақта, құдай, енді қалған жалғызды,
Мен жүрейін өмір отын сөндірмей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері