Студенттік әзіл

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3279
О, бәтеңкем, қара жорға тұлпарым,
Көп жүрістен жұқарыпты-ау ұлтаның.
Күні бойы жортасың ғой, көтеріп,
Еркетотай аяқтардың бұлтаңын.
Тақаларың көрінетін бұрын дәу,
Тозғандық па?
Басылады қырындау.
«Чарльстон» мен «Липси» деп жүргенде,
Тас еденге ыдырынып ұрылды-ау.
Осы сенің келіп тұрар кезегің,
«Жүдей» қалсаң, табылады тез емің.
Шөткіменен сауырыңнан бір сипап,
Тас көшені зыр жүгіріп кеземін.
Өзімше бір алмақшы боп ой түйіп,
(Ләззатқа шымырлайды-ау, бой күйіп).
Сауық кешке, театр мен киноға,
Күнде барам тобықтарым тойтиып.
Алдымда тұр сынақ деген алып шың,
Зейін қойып оқып жатыр халық шын.
Түк білмейтін студентке ұқсап сен,
Маған қарап «аузыңды ашып» қалыпсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Студенттік әзіл өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Студенттік әзіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Студенттік әзіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Студенттік әзіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері