Жеңгейге жауап – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жеңгейге жауап» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1323
Ауылға бұрын барып көрмеген,
Мыңғырған малды танып көрмеген
Жеңгеміз алғаш паңдана қарады,
Айналасына таңдана қарады.
Ағаға түрлі береді сұрақ,
Аға да оны келеді сынап.
Ешкіні нұсқап (мінеңіз мейлі):
– Еркегін қалай білеміз? – дейді.
Мүйізі қайқы, шекесі томар,
Ешкінің нағыз текесі болар?...
Құқықтап жүрген тауықты көріп,
Бейне бір думан-сауықты көріп,
Деді ол:
– Неге әндетіп жүр?
– Әндетіп емес,
Әл кетіп жүр.
Жұмыртқа тауып, толғатқан кезі,
Жанына салмақ мол батқан кезі...
Жайылып жүрген түйені көріп,
Тағы да жеңгей күледі келіп:
– Үстінде тұрған төбесі несі?
Үрпие біткен денесі ме өзі?
– Түсініп қойғын, еркешім менің,
Төбе емес, оны өркеші дегін...
Кісінеп жүрген айғырды көріп,
Жеңгеміз тағы, ай, күлді келіп:
– Мұнысы несі еміренгені?
– Биені көріп, тебіренгені.
Өзіңді жақсы көрем дегені,
Жолыңда сенің өлем дегені...
Үрпісі қарыс сиырды көріп:
– Сауса, – деп, – шіркін, – қиылды келіп.
Секілді сонда байырғы ұста,
Ағамыз жауап қайырды қысқа:
– Ауылға жиі келетін болсаң,
Енеңе көмек беретін болсаң,
Бәрін де лезде ұғасың, қалқам,
Келін боп нағыз шығасың дарқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеңгейге жауап өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жеңгейге жауап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеңгейге жауап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жеңгейге жауап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері