Байқарсың – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Байқарсың» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1018
Ақжайыққа өзенді жағалап барасың,
Ағайынды сағалап барасың.
Біреуді «көкелеп»,
Біреуді «ағалап» барасың.
Екі-үш күнге жетерлік
Тамағыңды шамалап барасың.
Өйткені, қонақүй жоқ,
Көшені аралап қаласың.
Не болмаса, милиция
Мекенін паналап қаласың.
Аудан жайы осылай,
Ақжайыққа, досым-ай,
Бара қалсаң, байқарсың,
Басыңды бір шайқарсың.
Екінші рет қыдырып
Бармайтын боп қайтарсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері