Пародия туралы түсінік – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Пародия туралы түсінік» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3238
Пародия жазсам жұртқа ұсынып,
Аз да болса керек оған түсінік.
Абыройым артады деп айта алман,
Ақындардың абыройын түсіріп.
Ақындардың білем ақын екенін,
Өз басына таға алмаймын жеке мін.
Шәлкем-шалыс шумақтары кезіксе,
Соны ғана тілге тиек етемін.
Не тынады тым байсалды жүргенде?
Жақсы емес пе анда-санда күлген де?
Ақынның бар жазғанына баға емес,
Пародия – жеңіл оспақ білгенге.
Дей алмаймын өз басыма пайда бар,
Әзілімді түсінер жан қайда бар?
Ақындардың жеңілтегі жауығып,
Ақкөңілі шын досыма айналар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері