Өлең, жыр, ақындар

Қиындап бара жатыр...

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1747
Өлең жазу қиындап бара жатыр,
Дала жатыр, жырла деп қала жатыр.
Сезімімнің ішегі шертілмеген,
Сезінгенім түкке аспай қалады ақыр.
(Жарылқасын АМАНОВ. «Құрыш қолдар», 41-бет)

Дала жатыр, жырла деп қала жатыр,
Ана жатыр, шырылдап бала жатыр.
Ақыл аз да, бұл күнде ақындар көп,
Өлең жазу қиындап бара жатыр.
Қай күніңе жетеді қаламақың?
Алатының мардымсыз қара бақыр.
Болғанымен ұйқасы, шипасы жоқ,
Өлең жазу қиындап бара жатыр.
Абайларға, бауырым, балама құр,
Сенбейсің бе, сын көзбен қара да тұр.
Шертетінім – сезімсіз сылдыр сөздер,
Өлең жазу қиындап бара жатыр.
Ақын да мен, сал да мен дара батыр,
Өнерімді сан сала сана, батыр:
Ою оям, ән-күй де шығарамын,
Өлең, түбі, түкке аспай қалады ақыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Наурыз

  • 0
  • 1

Кетіп қыстың ызғары,
Еріп сұсты мұздары,
Наурыз келді көктем боп,
Күлім қағып қыздары.

Толық

Ұр, тоқпақ

  • 0
  • 0

Ақын ақын болар ма?
Ақын батыл болар ма?
Өз ұлтының тағдырын
Толғамаса шын тоқтап?

Толық

Батыр баба Саңырық

  • 0
  • 0

Саңырық – баға жетпес батыр бабам,
Алқакөл сұламада лапылдаған.
Жайратып жауларыңды, қорғап қалған,
Жайқалып бұл күндері жатыр далам.

Толық