Өлең, жыр, ақындар

Енесін келіннің жоқтауы

  • 30.08.2019
  • 0
  • 1
  • 43505
Қағыңнан алған қорегім,
Қайғылы болды жүрегім.
Қайғылы жүрек жазылар,
Апашым қайдан табылар?!
Мүдіріп кетсем мін болар,
Шариғатқа мін болар.
Иманды болғыр, апашым,
Енді өзіңдей кім болар?!
Әуеден ұшқан лашын,
Қиынға салар ұясын.
Алладан тура келген соң,
Ажалға бар ма лажың?!
Апам бір келді сексенге,
Жылайын жұртым сөксең де,
Қайтадан бүрлеп өнер ме,
Бәйтерек әкеп ексемде.
Әптиек басы әп жетті,
Ауырып апам көп жатты.
Қайран менің апашым,
Малым-жұртым деп жатты.
Ауырды апам басым деп,
Маңдайға біткен қасым деп.
Алладан бала сұрапты,
Артымда жылап қалсын деп.
Апам бір кетті мәреге,
Мәреден әрі шаріге.
Көз көрген түс ағайын,
Сәлемде деді бәріңе.
Кішкене болды түймеден,
Жіңішке болды инеден.
Иманды болғыр, апашым,
Ғаріп боп өтті дүниеден.
Өңім бе, Алла, түсім бе?!
Көрейін деген түсім бе?!
Жыламай қайтіп шыдайын
Алланың салған ісіне.
Көрінген тауда қор жатыр,
Әуеден ұшқан көкқұтан,
Дүние жалған бір тұтам.
Сәби боп өткен апашым,
Жалғаннан қайтіп ұмытам.
Айналайын тәңірім!
Осылай болды-ау өмірің.
Жатқан жерің торқа боп,
Нұрға толсын қабірің!



Пікірлер (1)

Бекзат

Қазақ ауыз әдебиеті
Енесін келіннің жоқтауы!

Пікір қалдырыңыз

Құрбым-ай (1-нұсқа)

  • 0
  • 0

Атым мінген астымда ақ кіндікті,
Сенің үйің белгілі боз түндікті.
Угай-ай, угай-ай, құрбым, ай-ау.
Ат өксітіп алыстан келгенімде,

Толық

Абайкөк (екінші нұсқа)

  • 0
  • 0

Домбыра екі шекті жұқа қақпақ, ай, абайкөк,
Тар жерде қиын екен өлең таппақ.
Әй, өтесін, күнім, амал жоқ!
Кіші – іні, үлкен – аға отырғанда, ай, абайкөк,

Толық

Ақмарал сұлу, еркем-ай

  • 0
  • 0

Қарағым, айналайын-ай, алтыным-ай,
Көргенде ақжүзіңді-ай балқыдым-ай.
Ақмарал сұлу, еркем-ай.
Көп айдың көрмегелі-ай жүзі-ай болды,

Толық