Марқұмның жетісіне дейін айтылған жоқтау-өлең үлгісі – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Марқұмның жетісіне дейін айтылған жоқтау-өлең үлгісі» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4232
Ай толғанда дөңгелек,
Алланың оғы зеңбірек.
Балалары болса жас еді,
Біразырақ қозғайын,
Сөге де көрме, төңірек.
Әуеде торғай шырлайды,
Балапанын қорғайды.
Жесір қалған мен сорлы,
Кешегі кеткен ерімді,
Жоқтамасам болмайды.
Әуелеп ұшқан қоңыр қаз,
Қайырылып қонар көліне.
Келе ме деген дәмем бар
Едігедей ерімді
Туып өскен еліне.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері