Мал емес кейбіреулер сөз бағады – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Мал емес кейбіреулер сөз бағады» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 609
Бұл ұрттар мені кім деп сұрасын да
Сөз сатқан саудагермін расында
Сөз су емес жататын тегін ағып
Құнына... ішпей тұрасың ба?
Қасым Аманжолов

Мал емес кейбіреулер сөз бағады,
Әсіре мақтау айтқан кез бағалы.
Мақтау сөз айтқан кейбір саудагерлер
Жүлде алып, шекпен киіп, шен тағады.
Әйтеуір биліктіні мақтап сөйле,
Қолыңнан келгенінше жақтап сөйле.
Сорғалап сорақы ізі жатса дағы
Бәрінен арашалап ақтап сөйле


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері