Өлең, жыр, ақындар

Айт күнгі мерекеде айтылған жоқтау

  • 31.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1540
Пенденің Алла панасы,
Өлімге кімнің шарасы?
Жастықпен ешкім білмейді,
Артында қалған баласы.
Өз еркімен кетіп пе?
Шақыртқан шығар бабасы.
Ай қасында сұлтаным,
Таң қасында шолпаным.
Есікке сыймас жоталым
Көрге бір қайтіп сыйды екен!
Көмуге барған халқымның
Көзі бір неғып қиды екен!
Бұл күндері майырылып,
Бас киімнен айырылып.
Өлейін десем өле алмай,
Бұрынғыдай жүре алмай,
Ас ішеміз ұялмай.
Әйтеуір тірі болғансын,
Жалғыз жанды қия алмай.
Қоғалы көлді қой кешер,
Қоғасын жайпап ел көшер.
Жұбайым еске түскенде,
Еңіреуменен күн кешер.
Күмістен соққан шар айнам
Күншілік жолдан көрінер.
Көрінсе, көңілім бөлінер.
Жыламай неғып тұрайын,
Еріксіз кетті-ау есіл ер.
Балдары болса жас еді,
Жұбайым үйге бас еді.
Қаумалаған достарым,
Жылады деп сөкпеңдер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарақ-ай (2 нұсқа)

  • 0
  • 0

Омырауыңа жарасқан теңге, тана,
Сен де мені өзіңе тең деп сана.
Ахау, тең деп сана-ай.
Уәдеміз байланса осыменен,

Толық

Гүлдар-ай (2 ­нұсқа)

  • 0
  • 0

Гүлдар-ай гүл бағы шашқан, бұлбұл құстан,
Не пайда өнері-ай жоқ, шіркін, жастан.
Арқада екі торы ат сор жалаған, гүлдар-ай,
Біреуі кекіл қағып жорғалаған, гүлдар-ай.

Толық

Шынар-ай

  • 0
  • 0

Қаратаудың басынан арша ап жүрмін,
Көтере алмай аршамды шаршап жүрмін.
Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
Қайткенде көңілім тынар-ай.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар