Сен бе едің? – Махаббат Самрат

Бұл бетте «Сен бе едің?» атты Махаббат Самрат жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күн нұрын төккен,
Самал жел боп өпкен,
Сен бе едің еркем, ұнатқан?
Баурады көзің,
Жауладың өзің.
Жүректе сезім оятқан.
Жүрегімді ашып,
Болдым ғой ғашық,
Жүзіңе көркем, ардағым.
Айтшы сөз еңселі,
Көтерші еңсемді,
Күтемін мен сені, арманым.
Сағымға балап,
Күндерді санап,
Өзіңді армандап, келемін.
Әттең деп қамығады,
Тағдырға бағынады
Өзіңді сағынады, жүрегім.


Пікірлер (3)

Жанара

Өте керемет

Rusus

мықты

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар