Алтыннан қымбат ақ адам – Оңғарсын Қасымбек

Бұл бетте «Алтыннан қымбат ақ адам» атты Оңғарсын Қасымбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Есімде сол күн, қыс еді,
Таң емес, қара кеш еді.
Қаралы күннің хабары,
Қыс келсе еске түседі.

Ұмытпай естен, жүректен,
Құтылмай сол күн түнектен.
Оққа ұшқан жанға айналдым,
Көзіме жас кеп жүдеткен.

Өмірге кейде таң қалам,
Есептеулі ғой әр қадам.
Әжем деп сізді айтпаспын,
Алтыннан қымбат, ақ адам.

Неліктен, бәрі баянсыз,
Жүрекке түсер аяусыз.
Қыс емес, жазға айналсын,
Уақытқа құлып, баяу күз.

Әр жақын жаның, сенімің,
Сенімің мәңгі серігің.
Естіген бойда, хабар бер,
Алыстан шыққан сел үнін.

Жүрмісіз, бақты аралап,
Жұмақтың төрін жағалап.
Үйрендім, менде кеш әттең,
Қолда бар жанды бағалап.


Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз автор деген жері бос қалып, - авторы өзім - деген белгі басылу керек.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтыннан қымбат ақ адам өлеңінің авторы кім?

Оңғарсын Қасымбек — осы өлеңнің авторы.

Алтыннан қымбат ақ адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтыннан қымбат ақ адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Оңғарсын Қасымбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтыннан қымбат ақ адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар