Өлең, жыр, ақындар

Міржақып – ол... (Міржақыпқа теңеу)

Ол бүркіт, еркіндікті арман қылған,
Қыран құстай биік жерде қалықтаған.
Қасқыр деп айтсам дағы артық болмас,
Қиындықта үйірін тастамаған.

Ол күн, таңертеңнен елді оятқан,
Халқына шуақ пенен сәуле шашқан.
Ол жаңбыр, шөлді жерге нәрін беріп,
Елін, жерін құрғақтықтан сақтап қалған.

Ол ержүрек, қайратты жолбарыстай,
Алашына қорған болып тұрған таудай.
Орман үшін аянбай күресетін,
Мықты, қайсар, айбатты арыстандай.

Теңей аламын тағы қандай алыптарға?
Міржақыптың өзі алып қой бар қазаққа.
Абақтыда сандалса да қаншама жыл,
Тәуелсіз бол жүрміз соның арқасында!




Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар