Асыл анам! – botakozsajdaxmetova

Бұл бетте «Асыл анам!» атты botakozsajdaxmetova жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Көңілің пәс қабағында мұң басым,
Жас балаша жаутаң қарап тұрасың.
Жүрек сыздап, жаныңды жеп барады.
Неге сонша уайымшыл боп барасың?
Бар өмірді бізге арнап келесің,
Өмір жүйткіп, келеді сүйреп арбасын.
Жыламашы, жыламашы, анашым,
Күннен- күнге шүмпиіп сен барасың.
Күлімдеші көздеріңнен күн күлсін,
Бақыт біздің төбемізден қарасын.
Көңіліне кірбің салсам кей күні,
Аллам маған берсін деймін жазасын.
Өкпе, назда қарайтады жүректі,
Көктем келіп көңіліме гүл екті.
Бүгінгі күн мейрамыңыз құтты боп,
Қабыл етсін, Аллам арман тілекті.
Көздерінен көріп мейрім шуағын,
Бақыт мені бесігімен тербетті.
Мен баламын құшағында анамның,
Келші анам еркелеп бір алайын.
Мейрімді көздеріңе қарап мен,
Бар бақыттың кілтін анам табайын.
Мейрамыңа жырымды оқып берейін,
Одан артық қандай сыйлық табайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асыл анам! өлеңінің авторы кім?

botakozsajdaxmetova — осы өлеңнің авторы.

Асыл анам! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асыл анам! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Асыл анам! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар