Сарытөбе – Ақанжан Келімбетов

Бұл бетте «Сарытөбе» атты Ақанжан Келімбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.10.2019
  • 0
  • 0
  • 1720
Атамның қонысы Сарытөбе,
Әр жерде де бар төбе.
Ең қымбат жер мен үшін,
Асқақ, ұлы мәртебе.

Әкем өскен Сарытөбе,
Шешем түскен ертеде.
Жас кезінен олардың,
Сыр шертеді әр төбе.

Аржағында терең сай,
Ылдиында қора-жай.
Бақшалықта жайқалған,
Жасыл желек көк орай.

Мына тұрған той төбе,
Ана тұрған жар төбе.
Бәрінен де ыстықсың,
Атақонысым Сарытөбе.

Белгілі жері Отанның,
Зираты бар атамның.
Жер шарының Сарытөбе,
Картасында атағың.

Болмасаң да ең биік,
Еркелеймін мен сүйіп.
Шықсам төбем аспанға,
Жете жаздайды сәл тиіп.

Туған жерім биіксің,
Еркелеймін сүйіп тым.
Ардақтаймын атыңды,
Жер жаннаты сүйіктім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарытөбе өлеңінің авторы кім?

Ақанжан Келімбетов — осы өлеңнің авторы.

Сарытөбе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарытөбе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақанжан Келімбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарытөбе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері