Кереғар – Оралбай Мырзақұлов

Бұл бетте «Кереғар» атты Оралбай Мырзақұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

(Қылығың ерек, былайша дағы),
Сен күліп тұрасың, мұңайса бəрі,
Жанарың бұлақ жасыңа толған,
Көздерің неге жылай салады?

Көңілдің саған көркем өлеңі,
Кеш кетіп сезім ерте келеді,
Талдырмаш бойың үзілген тамшы,
(Өзгеден бөлек еркелегені).

Асау (Суынды) үркітпе, күнім,
Өзгеден бөлек жыр күтпе, гүлім.
(Арызын айтты көздерің маған),
Жастарын сүртем кірпіктеріңнің.

Жаныңа қиын сәттерде мына,
(Бақыттың тəжі шақ келмеу, сірə),
Сеземін қалқам, осы күндері,
Ғарыштан саған хат келмей жүр ə?!

2019


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар