Қайырлы таң – Kuanbay_erkinbek

Бұл бетте «Қайырлы таң» атты Kuanbay_erkinbek жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ежелгі бабам айтқан қайырлы таң!
Әрбір үйге күлімдеп шуақ шашқан,
Ерте тұрған еркектің ырысы артық
Осы сөзді мінеки дана айтқан!

Қайырмасы:
Қайырлы таң өзің ғой ел ертеңі
Қайтер еді өзіңсіз жердің жүзі
Сен мәңгілік ағарып ата берші
Елің жүрсін шомылып шуағыңда
Атып келеді әнекей Қайырлы таң,
Қайырлы таң!

Қайырлы таң жадырап ата берсін
Бал-бөбектер қапысыз ойнап күлсін
Көре алмаған елімнің жауы болса,
Қызғаныштан тырысып іші күйсін

Қ/сы

Қазағымның ашық болсын атар таңы
Жаратқан ием жар болып қолдай көрсін
Көктей бер деп қазақтың әрбір үйін
Амандықпен ата бер қайырлы таң

Қ/сы

Арамызда береке құтаймасын
Бәрі қазақ баласы осыны ұқсын
Ақ ниетті данышпан қариялар
Аллаһу Акбар деп батасын бере берсін!

Авторы: Қуанбайұлы Еркінбек


Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек. Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайырлы таң өлеңінің авторы кім?

Kuanbay_erkinbek — осы өлеңнің авторы.

Қайырлы таң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайырлы таң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Kuanbay_erkinbek өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайырлы таң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар