Алаштың арыстары – Шаймарданова Нұргүл

Бұл бетте «Алаштың арыстары» атты Шаймарданова Нұргүл жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Арыстары Алаштың төске өрлеген,
Ата үмітін жақпақ боп өскен өрен.
Сол жолдың шырақшысы Әлиханды,
Қазақтың көшбасшысы, көсем дер ем.

Өнер-білім бар жұрттан қалыспаған.
Бос іске, өнбес шартқа жарыспаған,
Бірі – өнер, бірі –ғылым, бірі-тарих,
Кезі еді ол надандық алыстаған.

Жақсысы ұлтымның жұлдыздары,
Рухыменен демеген ұл қыздарды.
Қаралыққа құмартқан сол үкімет,
Даралыққа мойныңды бұрғызбады.

Күн сөнгенше сөнбен деп ұрандаған.
Жұртына жалынды жыр арнаған,
О, баба, бүгін көрем кескініңді
Күн астында самғаған қырандардан.

Тәуелсіздік тәтті сый, тілек те егемендік,
Ол сыйға не қымбатты тең көрмедік.
Көрер таңға қалтқысыз сендің дағы,
Бұл жолда таныттың көрегендік.

Жаңғырып тау-елімнің жақпарлары,
Тіл көзден қорған сұрап сақтанады.
Тәңіріне тәубе дер ұлт болашақтан,
Өткенін ұлықтаса бақ табады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алаштың арыстары өлеңінің авторы кім?

Шаймарданова Нұргүл — осы өлеңнің авторы.

Алаштың арыстары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алаштың арыстары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шаймарданова Нұргүл өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алаштың арыстары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар