Жанайқай

Бұл бетте «Жанайқай» атты Мәдениетова Балсұлу Асхатқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

О, ағайын, теріс кетті кемеміз,
Адамдықтан алыстадық неге біз?
Ана тілін көш соңында қалдырып,
Дерті болып ғасырдың біз келеміз.

Ұлтың - қазақ, ой – санаң да тұрақты,
Лайлап өттің тарих деген бұлақты.
Сан ғасырлар қойнауынан аман өткен
Тілімізді бүгінгі ұрпақ тұралатты.

Қолдау көрмей, өзі түгіл, жаттан да,
Қансырап тұр қазақ тілі қақпанда.
Өз тіліміз аянышты хәлде тұр,
Өзге тілдер құрметтеліп жатқанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанайқай өлеңінің авторы кім?

Мәдениетова Балсұлу Асхатқызы — осы өлеңнің авторы.

Жанайқай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанайқай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мәдениетова Балсұлу Асхатқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанайқай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері