Өлең, жыр, ақындар

Тіл тағдыры

Қазақ тілім жетімнің күйін кешті,
Қан жылайды жүрегім, күйінішті.
Босағадан сығалап, еніп жайлады,
Ағылшынша тұнығыңды лайлады.

Өз тілінде қызың менен ұлыңды,
Сөйлете алмау басты қайғың бүгінгі.
Жанын беріп Ахметтер кешегі,
Тілі үшін қимап па еді ғұмырды.

Келгенменен басымызға азат күн,
Кетпей қойды қазақ тілден азап, мұң.
Өз ұрпағың өгейсінсе өз тілін,
Тозғаны ғой шынында бұл қазақтың.

Амал қанша осы тілдің шындығы,
Бірақ бүгін ұғып жатыр кім мұны?
Мұқағали бақытым деп санаған,
Туған тілім бақытсыз ғой бүгінгі.

Ана тілің сайрамаса санаңда,
Өмір сүріп керегі не адамға?
Қазақ тілім қайдан ғана тіл болсын,
Өз тіліңді өгейсіткен заманда.



Пікірлер (1)

Модератор

Авторы деген жерді бос қалдырып, авторы өзім дегенді басу керек. Ілмекті тырнақшасыз жазу керек.

Пікір қалдырыңыз

Жанайқай

  • 0
  • 0

О, ағайын, теріс кетті кемеміз,
Адамдықтан алыстадық неге біз?
Ана тілін көш соңында қалдырып,
Дерті болып ғасырдың біз келеміз.

Толық

Тіл тағдыры

  • 0
  • 0

Қазақ тілім жетімнің күйін кешті,
Қан жылайды жүрегім, күйінішті.
Босағадан сығалап, еніп жайлады,
Ағылшынша тұнығыңды лайлады.

Толық

Қарап көріңіз