Өлең, жыр, ақындар

Мына заман

Мына заман қай заман азған заман,
Бiр-бiрiне терең ор қазған заман.
Бетiнде сау астында толған шiрiк,
Мына заман түбiнен тозған заман.

Мына заман қай заман жалған заман,
Әдiлдiкке тұсамыс салған заман.
Кедейлерден айналып шыр көбелек,
Бай-патшаға бақ құсы қонған заман.

Мына заман түнерiп батқан заман,
Күнәләрдің алқасын таққан заман.
Нәпсiге ерiк берiп құлдық ұрып,
Ар-намысын ақшаға сатқан заман.

Мына заман қай заман жалған заман,
Әдiлдiкке тұсамыс салған заман.
Кедейлерден айналып шыр көбелек,
Бай-патшаға бақ кұсы қонған заман.

Мына заман түнерiп батқан заман,
Күнәләрдің алқасын таққан заман.
Нәпсiге ерiк берiп кұлдық ұрып,
Ар-намысын ақшаға сатқан заман.

Мына заман қай заман күндес заман,
Күндестiкпен күндерi өткен заман.
Өзге түгiл өзiнiң туысынан,
Алакөз боп алыстап кеткен заман.

Етек ашып ер iздеп еңiрейдi,
Ақшаң болса күтемiн сенi дейдi.
Ашып тұрып айтар ем ұятта болса,
Одан бiрақ жезөкше кемiмейдi.

Мына заман қай заман өлген заман,
Аллаға емес бақсыға сенген заман.
Қара пияр,карта мен қой тезегi,
Адамға бағыт-бағдар берген заман.

Мына заман азғындық келген заман,
Адам миын интернет езген заман.
Арақ, шылым, жын -ойнақ артық болып,
Шайтанға ерiп, Мешiттен безген заман.

Мына заман қай заман солған заман,
Кәрi шал бойжеткендi алған заман.
Тимесе де қатын боп кейбiреулер,
Ақша үшiн бiр түнге қонған заман.

Мына заман жүректi жарған заман,
Ту сыртынан жақындар ұрган заман.
Өмiр бойы бiр жүрген ажырамай,
Жан досының баласын алған заман.

Мына заман қай заман жалған заман,
Адамдық қасиеттер қалған заман.
Есiрiп есi кеткен есерсоқтар,
Ата- анасын әуреге салған заман.

Мына жұрттың бар iсi өсек болды,
Өтiрiгi шегi жоқ кесек болды.
Билiктiң басындағы басшылардың,
Бар ойлары халықты жесек болды.

Қазақтан қазақ шыкса асып озып,
Аяғынан шалуға асық болды.
Дәл қазiргi уакытта шындығы сол,
Көп адамның ойы кiр, пасық болды.

Арақ деген асқынған дертке айналды,
Жер бетiне жайылған өртке айналды.
Осы бiр шайтансудың кесiрiнен,
Көп адам темiр тор мен шетке айдалды.

Қыздар мен сәбилердi зорлайтындар,
Көбейiп бара жатыр қанат жайып.
Осындай азғындықпен қорлайтындар,
Пайда болып бара ма сағат сайын.

Қаншық иттей қылмыңдап кыздарым жүр,
Қисық басып ел жұрттан ұрланып жүр.
Қыз бiткеннiң көз жасын көлдей төккен,
Ұсақталған бүтiндей ұлдарым жүр.

Намысы жоқ бос кеуде ағалар бар,
Қарындасын қорғамас жамандықтан.
Ағасы қарындасын топқа салса,
Кеткенi осы емес пе адамдықтан.

Еркектi артық көрген баласынан,
Жеңiл жүрiс жүретiн аналар бар.
Тәрбиелейтiн ата- ана жоқ болса да,
Аузында Алла, иманды балалар бар.

Мына заман бiз өмiр сүрген заман,
Жаманға емес жаксыға күлген заман.
Шындыққа тiке карап көрсеңiздер,
Ақыр заман белгiсi келген заман.

Аллаға ниет етiп басын исе,
Сектаға кiрген деймiз қорықпастан.
Орыстанған бейшара қазақтарда,
Осындай харам ойлар қалыптасқан.

Әурет жерiн жабам деп хиджаб кисе,
Оны да сөз кыламыз түгел тiлдеп.
Сыйға тартқан Алланың ақ жүрегi,
Қазағым кеткендей ме түгел кiрлеп.

Басыңа түскен кезде сын мен сынақ,
Кұдайды еске аласың жылап-сықтап.
Намаз оқып, садақа таратасың,
Керегiңдi Алладан тiлеп- сұрап.

Бәрiңе кiр жақпаймын ұлы елiм,
Мәңгiлiк сүйiп өтем қазақ жерiн.
Дегенмен бiлесiңдер айтпасамда,
Бiр кұмалақ қарын май шiрiтерiн.

Сондықтанда қазағым ойланыңдар,
Шайтанға емес Аллаға байланыңдар.
Ұрпағым дұрыс өмiр сүрсе десең,
Тәртiптiң басшысы боп сайланыңдар...

Әсел Орынбасар



Пікірлер (4)

Модератор

Сайысқа қосу үшін ілмектерді дұрыс жазу керек. Ілмектер үтір арқылы жазылады.

клара

керемет.21 гасырдын казак халкында болып жаткан жаксылыгы мен жамандыгы ашык айтылган.
асел осындай журектен шыккан шындыкты шырылдап айтатын олендерын коп болсын.
озын сиякты адал журекты жастарымыз кобейсе екен.шабытын шарыктай туссын.
казактар окып ойланса екен.

Мұхтарәлі

Осыны оқып қазағым бір нәтиже шығарсағой әттең

Жолдасбай

Ия адамдар осылай азған заман ащы шындықты көрсетіпсіз, оқығандар ойланар.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер