Ұстаз

Бұл бетте «Ұстаз» атты Есиркепова Асемай Сержанқызы жазған ұстаз туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ұстаз.

Ұлағатты ұлы менің ұстаздарым,
Өтті ғой өзіңізбен қыс жаздарым.
Үлгі өнеге жолыңызбен талпынамын,
Қабыл алың шәкіртіңнің жыр жазғанын.

Сіз арқылы таныдым тарих сырын,
Сізбен бірге үйрендім ақын жырын.
Жалықпайсыз, шаршамайсыз үйретуден,
Тәрбиенің тәртіптіктің мың бір қырын.

Ұстазым білім берер құшағың кең,
Болашаққа жол сілтеп тәрбие берген.
Небір шәкірт ізіңізден, қуа жүрген,
Қиындығын ұстаз жолын сонда білгем.

Ұлылар «Екінші ана – ұстаз» деген,
Ешкім де ұстаз сөзін бұзбас деген.
Ақылы дария, кең пейілді ұстазымның,
Сарқылмайтын білімі тозбас дерем.


Пікірлер (1)

Модератор

Есиркепова Асемай Сержанқызы деп жазу керек емес, авторы өзім деген жазуды басу керек.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұстаз өлеңінің авторы кім?

Есиркепова Асемай Сержанқызы — осы өлеңнің авторы.

Ұстаз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұстаз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ұстаз туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ұстаз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері