Өмір
Өмір деген өтеді зуылдап,
Өмір деген өтеді туылдап.
Өмірдің ащысын да, тұщысын да,
Көреді мұның бәрін адамзатқа.
Ровшон Наранбаева жариялаған өлеңдер осы бетте берілген.
Міне, бүгін жаңа дәуір басталды,
Елбасымыз қолдап жатыр жастарды.
Рухани жаңғыруды мақсат қып,
Көз тігемін биік тауға асқарлы.
Мен бақытты баламын,
Шырқап әнге саламын.
Егеменді елімде,
Білімді мен аламын.
Дала көкке оранды шайқалып,
Бүршік атты гүлдер өсті жайқалып.
Күн де шығып, шуақ төгіп жарқырап,
Сулар ақты сай-салада сарқырап.
Анам менің ардақты да асыл жан,
Мейрімі оның жан жылытар шуақ таң.
Қуанышыма қуанасың баладай,
Қайғыма да мұңаясың баладай.
Мен бақытты баламын,
Әрқашанда көңілді.
Әр адамның бақыты,
Отбасының тірегі.
Анамның мен жүрегін,
Қуанышқа бөледім.
Қуантып мен анамды,
Әдепті боп жүремін.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі