Бұл бетте «Жыл мезгілдері» атты Сагидуллаева Ұлданай Серкқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дала көкке оранды шайқалып,
Бүршік атты гүлдер өсті жайқалып.
Күн де шығып, шуақ төгіп жарқырап,
Сулар ақты сай-салада сарқырап.
Жылы шуақ жаз да келді далаға,
Жәндіктер жүр азық іздеп балаға.
Ыстық күнде суға шомылып балалар,
Қызық қуып кейде кетер қалаға.
Түрлі түске оранады жапырақ,
Күн суытып, жел болады далада.
Жылы киім киіп алып адамдар,
Қызу жұмыс жүріп жатыр арада.
Қыс та келді боранын да арқалап,
Балалар жүр қар атысып жарқырап.
Үсік шалып тоңса дағы елемей,
Аққала да жасап жатыр қар орап.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі