Ақын сыры – Айбек Серікбаев

Бұл бетте «Ақын сыры» атты Айбек Серікбаев жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Мұңға толы оқысын жырымды кім
Жаралы ақын жанына үңілді кім
Ауыруын жасырған өлед деуші ед
Мендік жүрек мың өліп, тірілді мың.
Алдамастай көрінген ақ арманым
Барған сайын күшейтті бұлыңғырын
Ашылатын сияқты ақырында
Жасырып келген елден сырым бүгін

Тұңғиығы бір терең тұйық едім
Түсінуге де келмейтін қиын едім
Айтар кезде кетем де үн қата алмай
Жүрегімнің түбіне жиып едім
Бар шерімді тарқатар ақтарылып
Ақындық - сен Алланың сыйы ме едің?

Көмегің керек сенің маған əлі
Жанымды баз біреулер жаралады
Ақ қарға малынса да бар айналам
Көңілдің кетпей қойды қара дағы
Қара өлең саған айтам бұл сырымды
Болсыншы көңілімнің қалағаны
Көзімше күліп жүрген талайлардың
Көбісі дос болуға жарамады
Шарасыздың келмейді күйін кешкім
Таусылған жоқ білемін бар амалым

Жүргендер көп өмірде талай құлап
Құлаған тұру үшін қалай қылад?
Ғұмырым енді бастау алып келед
Тек жақсылық болуын қалаймын-ақ
Түсірердей еңсемді ештеңе жоқ
Күтіп тұр алда мені арайлы бақ
Сынақ та жоқ емес-ау талай бірақ


Пікірлер (2)

baqytjanuly

пікірлеріңіз?

baqytjanuly

what do you think?

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын сыры өлеңінің авторы кім?

Айбек Серікбаев — осы өлеңнің авторы.

Ақын сыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын сыры өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын сыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар