Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Азаттық

Бұл бетте «Азаттық» атты adletkarimov жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ойға оралса сол күннің қан былығы
Жасыра алмас мехнатты жаңбыр үні
Желтоқсанның ескенде өктем желі
Естіледі азаптың жаңғырығы

Аппақ аспан мың құбылып, сұрланып
Бота көздер бір көгеріп, бір жанып
Не кінә бар бозторғай боздақтарда
Қан сорғалап шекелерден тұрды ағып

Азап шегіп шыға алмай жүр бораннан
Бастырмайды желтоқсанның желі алдан
Тепкіледі, шаштан жұлды, мысқыл ғып
Қара құйын денеңе кеп оранған

Көрсең егер сорғалаған қан ізді
Сонау үлкен Ниагара тәрізді
Қыраныммен гүлдерімді жайқалған
Тастады кеп аязға үлкен ауызды

Қар ұшқындап, шибөрідей тұрды алап
Бейбіт күні кірпік қағып мұндалап
Мұз үстінде сөніп бара жатқанжда
Ақырғы рет кең әлемге бір қарап

Өртеп тастап қорқыныш пен қайғыңды
Шаттықпенен өткізсін деп әр күнді
Арпалысты арыстанмен алпауыт
Елім деген ел жандылар айбынды

Азаттықтан бүгінде сергіп дала
Тәуелсіздік бұл құдірет сендік қана
Елімді бодандықтан азат еткен
Сен жасаған сол күнгі ерлік қана

Бабаларың талай жыл еткен үміт
Талай сауыт, талай тән кеткен сынып
Мәңгі елдің мәңгілік ұрпақтары
Желтоқсанның алдында тізеңді бүк


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Азаттық өлеңінің авторы кім?

adletkarimov — осы өлеңнің авторы.

Азаттық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Азаттық өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тәуелсіздік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Азаттық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер