Бұл бетте «Құбыладан жылы жел есер» атты Сыпыра Сұрғалтайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
18.11.2019
0
0
5146
Құбыладан жылы жел есер,
Арқадан суық жел есер.
Анаға қарап қыз өсер,
Атаға қарап ұл өсер.
Тоқтамыстың уағында
Құлға билік тиген соң,
Жесір қатын, жетім ұл
Қайтіп қана күн кешер?..
Сөз сөйлемен, Қарабек,
Менен саған сөз керек.
Астына қара бұл салып,
Үстіңе қызыл себелеп,
Алдаймын деп келдің бе,
Атаңа нәлет сүмелек?!
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі