Бұл бетте «Бай баласы байға ұқсар» атты Сыпыра Сұрғалтайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бай баласы байға ұқсар,
Байлаулы тұрған тайға ұқсар.
Би баласы биге ұқсар,
Алты қанат үйге ұқсар.
Хан баласы ханға ұқсар,
Биік-биік шыңға ұқсар.
Құл баласы құлға ұқсар,
Мал таптаған гүлге ұқсар.
Ханның ұлы қарауыл,
Бидің ұлы шыңдауыл.
Ел ағасы Аға би,
Жұрт ағасы Тағай би,
Батыр ұлы Байназар,
Қожаның ұлы Қосназар,
Қожамын деп, Аллаға,
Күнәкар боп Құдаға,
Құдыңдайсың, бәтшағар!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі