Еңбек туралы
- 0
- 0
Сорлы елім, көріп жүрсің еңбекті жау,
Ел кезіп, өсек айтып, ізденіп дау.
Істейтін бар кәсібің - ұрлық-зорлық,
Кісі жоқ алдын ойлар бір дені сау.
Бұл бетте «Әнім сенсің, Қазақстан!» атты Салтанат Қарабай жазған отан туралы өлең берілген.
Сорлы елім, көріп жүрсің еңбекті жау,
Ел кезіп, өсек айтып, ізденіп дау.
Істейтін бар кәсібің - ұрлық-зорлық,
Кісі жоқ алдын ойлар бір дені сау.
Ей, достым, қапыл жатпа, басты көтер,
Алданып ақымақтықты қума бекер.
Айуан емес, адам боп жаратылдық,
Көңіл көзі барларға бұл да жетер.
Лермонтов көкіректі, көзді туған,
Білмеген айырмайды уды судан.
Бетіне данышпанның күйе жағып,
Не түрлі сұмдық шықты бала қудан.
Баладан, мал мен жиһаз болмас пайда,
Қазір біз тексерусіз жүрміз жайға.
Тірлік бітсе, өлмегің шын емес пе,
Бұрынғы ата-бабаң - бәрі қайда?
Нурдаурен
Бул керемет