Мұқағалиға арнау –
Alunaaa
Бұл бетте «Мұқағалиға арнау» атты Alunaaa жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрек жырын ақ параққа түсірген,
Жырларынан сезім сырын түсінгем.
Ақиықсың,дара туған ақынсың,
Қалған ақын сірә,сенің көшірмең.
Армандаймын болуды ақын өзіңдей,
Жыр жазамын күнде кешке көз ілмей.
Сіздің әрбір жалындаған жырыңыз,
Бейне,алтын мұрағаттың көзіндей.
Мұқағали - қайталанбас тұлғасың!
Өлеңіңіз мына менің мұңдасым.
Мақтанамын жерімменен киелі,
Топырағында сіздей ұлық туғасын.
"Төзе біл"-деп,ғашық болған кезіңде,
Дарытып ек,бойымызға төзім де.
Мұның бәрін сізден біліп үйрендік,
Биіктігін махаббаттың сезіне.
Қалдырдыңыз мұрағаттың тозбасын,
Жырыңызды қастер тұтам өз басым.
Ешбір ақын аса алмайды өзіңнен,
Жетпес шыңға қолдарын да созбасын!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі