Алаңдама әкешім – Аякөз Сыдық

Бұл бетте «Алаңдама әкешім» атты Аякөз Сыдық жазған әке туралы өлең берілген.

Әке, маған алаңдайсың білемін,
Ауырмасын мені ойлап жүрегің.
Қызың тапты өз орнын өмірден,
Қабыл болып, ақ батаң мен тілегің.

Мен кірлетпей жүрем әке атыңды,
Өзіңменен өткен әрбір сәт үлгі.
Барған жерге балдай баттым, жатсынбай,
Сый құрметке бөлеп алыс-жақынды.

Шүкір деумен Аллаға атып күнім,
Зымырауда білінбей уақыт бүгін.
Жанымды түсінеді, жаннан артық,
Алаңдама әкешім, бақыттымын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар