Рухты ел – Шыңғыс Атай

Бұл бетте «Рухты ел» атты Шыңғыс Атай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Әй, Бауырым!
Қай бағытқа жол тарттың?
Сәл кідіргін! Тізгінін тарт, жорға аттың!
Мына жерде менің туған өлкем бар,
Осында кел, керегеңді орнатқын!

-Неліктен? - деп сұрақ қойма, сен мүлде!
Бабын сынар туған елі ердің де!
Мен білмеймін, көрмедің бе, көрдің бе?
Болады екен жәннаті де жердің де?

Ол, әрине – менің туған мекенім –
Қазақстан – ұлы елім, бек елім!
Атыраудың алып жатқан алабын,
Тянь-Шаньның басып жатқан етегін!

-Не бар? – деме бауыр мұнда бәрі бар:
Батысымда қара алтыным ағылар,
Шығысымда алтын, күміс, мәрмәр,
Солтүстікте қасиетті наны бар,
Оңтүстікте үйір-үйір малы бар,
Киелі де байтақ менің өлкемнен
Фирдаустың бар ғажабы табылар!

-Руханият па?
Төрт анама жүгінем...
Шексіз қуат алам анам тілінен!
Дәстүрімді асыл мұра деп танып,
Тарихыма үлкен оймен үңілем.

Атам дінін мен өзіме сыйға алдым,
Дiн исламның ақтығына иландым.
Төрт анамды өле-өлгенше қастерлеп,
Мәңгілікке қорғаймын деп ұйғардым.

-Мақсат бар ма мынау сенің еліңде?
-Әрине бар!
Жүз мақсат бар кемінде!
Қазақ елі тумысынан қайсар ғой,
Жеңілуді білмейтұғын тегінде.

Жиырма елу - биік арман, бір асу,
Отыздықтың сындарымен сынасу.
Руханиятпен жаңғыратын ұлдардың,
Абыройы абыройға ұласу!

-Жастар қандай?
Көздерінде көп үміт,
Жүздерінен білім нәрі төгіліп.
Ұлы ұлттың әрқашанда тұрады,
Тектілігі тұла бойдан көрініп.

«Серпінменен» туған тілді дамытып,
Жас буынға салт сананы дарытып,
Білік, білім «Болашақпен» арттырып,
Ой-өрістің кең көлемін танытып!
Қаны тасып бар бойына сыймаған,
Жас әлеумет бізге сенім сыйлаған!
Ғұламалар даналығын сіңіріп,
Әр ғылымның ең тәттісін жинаған.

Болашағы бар ма? – деме елімнің,
Құдіретті алып туған жерімнің!
Менің елім – татулықтың нышаны,
Жаңа дәуір дамуының нысаны!
Қазақстан – бейбітшілік бесігі,
Тыныштық пен бауырластық мысалы!

Келешектің кемесінде көп арман,
Өркендеуге тосып жатыр жол алдан.
Сан ғасырлар сағын сындыра алмаған,
Қазақ елі соқпақтардан шыңдалған.

Әй, Бауырым!
Кел, осында! Көшпендім!
Туған елден сыртта ғұмыр кешкен кім?
Азаттықтың, еркіндіктің мекені –
Мәңгілік ел тұрағына – Қош келдің


Пікірлер (2)

❤❤

Осы өлеңнің авторы кім?

Қаламқас

Шыңғыс Атай деп тұр екен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Рухты ел өлеңінің авторы кім?

Шыңғыс Атай — осы өлеңнің авторы.

Рухты ел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Рухты ел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шыңғыс Атай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Рухты ел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар