Заман мен адам
Қарсы шықпа, патшаға бірақ шындықты айт,
Жақсыны айтпа, жаман істеген ұрлықты айт.
Түзелсін қоғам менің қара сөзіммен,
Шын айтпасам, бұл шындықты кім тыңдайд.
Ұлыңды түзе, қызыңды түзе гүліңді.
Клубпен емес мешітпен өткіз күніңді,
Ұл қыздарың түзелсін десең алдымен.
Өзіңді түзе. өзгеге айтпа мұңыңды.
Қазақсың ғой ешкімге басын имеген,
Жауын қырып, сыйласқанға тимеген.
Арыңды ойла, барыңды ойла бүгінгі,
Қазақсың ғой арсыздың кейпін кимеген.
Қадірі кетті, ағаның. ата-ананың,
Заманның емес өзгерген мына адамның.
Кінәләй бермей, заманды босқа адамдар,
Ойланып бас, әрбір басқан қадамың.
Байлық емес тәрбие бірінші орында,
Тәрбиелі ұрпақ халқымның өз қолында.
Атам айтқан, құрбан болсаң жарасар,
Байлық емес, ар-намыстың жолында.
Қалмайық ертең өзгелерге мазаққа,
Арың үшін шыдағың барша азапқа.
Мәңгілік ел бұйырған мекен еліме,
Мәңгілік ғұрып бұйырар мекен қазаққа.
Аштықпен өтті, қайғымен өтт,і қай күнің,
Жетеді ғой, несібең менен айлығың.
Ақшаң да бар, айлығың да бар алайда,
Ар-намысың ең бірінші байлығың.
Аллаға бас и, патшаңды сыйла піріңді,
Патшаң сенің көркейтушің бүгінгі.
Басшыны даттау, Алланы даттаумен бірдей,
Сол үшін ойла қабірдегі күніңді.
Шүкір еткін, Алланың әрбір күніне,
Риза болғын, түнерген әрбір түніңе,
Тамсанғанша тәрбиесіз әр әнге,
Құлақ салшы азанның әсем үніне.
Ата-анаң сенің ең бірінші байлығың,
Ата-анаңсыз бақытты өткен қай күнің.
Бақытты болып көрінгенменен ол саған,
Ортасында жүр уайым менен қайғының.
Жәннаттың кілті ананың аяғында,
Мұны айтқан пайғамбарым (с.а.с) баяғыда.
Сол үшін құрметтейік асыл жанды,
Жығылып сол асылдың аяғына.
Күнәһар адам бәрібір арам өледі,
Адал жандар жәннәттің бағын көреді.
Амалын жаса себебі, о... дүниеде,
Тимейді саған ешбір жанның көмегі.
Мұсылмандық діндердің асыл діңгегі,
Талай кәпір сол ұғымды білмеді.
Мұсылманды жамандағанмен кәпірлер,
Бетіме басып арамсың деді, кім мені?
Себебі, әр кез құдіретті Құдайым,
Әйел де Ер де аман болсын ылайым.
Мұсылмандар "хатун" деп айтып әйелді,
Алла нұрына теңеп тұр ғой жұбайын.
Біліп жүргін мұсылмандық дін екенін,
Оразаның ең асыл күн екенін.
Құран Кәрім қасиетті кіл кітапты,
Ұмытпаған азанның асыл үн екенін.
Көтер басты, шыдамның шегі болады,
Ұрпақты түзе, көңілің сонда толады.
Намысты ойла, тәрбиені ойла, ей, адам,
Қазаққа сонда мәңгілік бақыт қонады.
Мәңгілік ел болу үшін алдымен,
Болуың керек тәрбиенің мәңгі қонағы.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі