Қу дүние – Ақгүл Тұрсынбай

Бұл бетте «Қу дүние» атты Ақгүл Тұрсынбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қу дүние
Бала:
- Әке, анық қарап ал, кеңсе – міне,
Нар тұлғамды балаймын еңселіге.
Атышулы мекеме бастығымын,
Көк қағаздар айналған семсеріме.

Езгілеген жаншылап бала мысын,
Жүрегіне орнатқан қара мүсін
«Түбі адам болмайсың» дегеніңді
Енді өзіңе қайтарып аламысың?
Әке:
- Адамдықтың шықтым деп бір шыңына,
Надандықтың баттың-ау былшығына.
Аңқау балам, жүн етіп тағдырыңды
Иіруде сұм шайтан ұршығына.

Байлық үшін көк бұлттай түнересің,
Ажал жетсе, ақиқат – бір өлесің.
Қара қапас түнекте дүнияңды,
Белгілі ғой құшақтап түнемесің.
***
Жұма күні мешітке зорға барған,
Байлық, мансап жолында жорғалаған,
Ақыл-ойды «пендешілік тор» қамаған,
Диірменнің тасындай доңғалаған
Қу дүние-ай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қу дүние өлеңінің авторы кім?

Ақгүл Тұрсынбай — осы өлеңнің авторы.

Қу дүние өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қу дүние өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақгүл Тұрсынбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қу дүние өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар