Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіз елім


Он алтыншы желтоқсан,
Бәрімізге белгілі.
Тәуелсіздік алған күн.
Ағалардың еңбегі.

Елі үшін күрескен,
Апалар да жетерлік.
Бақыты үшін елінің,
Мұз таянып су кешкен.

Апалар мен ағалар,
Лаззат, Қайрат тағы бар.
Үш күн болған шу майдан,
Қан төгіспен құралған.

О, адамдар, халайық,
Аман-есен болайық.
Тәуелсіз боп еліміз,
Шырқап әнге салайық.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз