Өз елінің жан байлығын өзі таптаған хан
Баяғы тарих парағын
Корольдік билік қаптаған
Неге жоқ қазір бұларың
Жауабы бір-ақ табылған
Елінің туған қуатын
Биліктің басы жоғалтқан
Халқының жан байлығын
Ханының өзі-ақ таптаған
Билік бұл тиер атадан
Ала-алмас оны жат адам
Бұрыннан жиған байлықты
Жоғалту әсте бір қадам
Күші жоқ елді қайтадан
Көтерер патша азайған
Сенімсіз елдің нышанын
Таба алмас ешкім картадан
Мысалы болар Тас Хандық
Соғысты онымен жау қандық
Мыңдаған адам азабы
Бітті-ау, міне, бостандық
Таралды шаттық қуаныш
Байланыс, бірлік, сағыныш
Халықтың іші тыныштық
Ортақ бір ханға бағыныш
Бұл Ханның аты Асылтас
Болса да елмен қатынас
Уақыттың тұрғын ағыны
Жасына бұның қосты жас
Ұлы да оның болды ер
Сақталып қалды байтақ жер
Алайда кетті қателік
Халқынан ақты қан мен тер
Соғысып әрбір көршімен
Қалдырмай елге қызықты
Жексен боп тарих жерменен
Салт-дәстүр деген қарлықты
Уақыт жоқ наурыз тойлауға
Майданда қалды күштілер
Қанжар мен қылыш қайрауға
Кірісті үлкен-кішілер
Жағдайы ханның құрыды
Халқы да шаршап қажыды
Жинатып елден ұл-қызды
Шашты да кетті қаржыны
Осылай хан елінің
Жан байлығын таптады
Тас хандығы жерінің
Түйірі де қалмады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі