Не артық
- 0
- 0
Қу қанжыға жүйріктен
Қаба жалды берік артық.
Жылауы жоқ тымақтан
Баса киген бөрік артық.
Бұл бетте «Бостандық» атты Нұрлан Мәукенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қайыңның қатты безі едім,
Өлеңнің аққан көзі едім!
Сөйлер сөзге келгенде,
Шебердің құрған тезі едім!
Кермиығым,кербезім,
Керілген аттай шандозым!
Бір көруге сендерді,
Құмар едім мен де өзім.
Жақсы менен жаманның
Арасы жер мен аспандай.
Байқарсың бір күн, басыңа
Іс түскен кезде, сасқанда - ай
Дүниені қудым екіленіп,
Ұстамаққа кезеніп.
Дүние қырын салмады,
Ешбір маған еміреніп.
Тереңдігім - теңіздей,
Қайратым - қоңыр өгіздей!
Дұшпанды талай матадым -
Тізесінен тебіздей.
Аяулым
Өте жақсы керемет